18.02.2024 ж күні университетіміздің №2 жатақханасында тұрып жатырған синергия бағдарламасы бойынша білім алып жүрген 1 курс студентеріне «Бір уйдің баласындай...» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: студенттерді ортаға бейімдеу және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, бір-бірін жақын таныстырып, жақсы көңіл күй орнату. Ең алдымен таныстыру тренингі өткізіліп, есімдерін айтып, бір-біріне жақсы көңіл-күй тіледі. Содан кейін “Сәлемдесу” тренингінен бастап,“Өзіме және көршіме”, “Орындық” , “Тез қимылда” секілді шапшаңдыққа, ұжыммен бірлікте жұмыс жасауға, тез шешім қабылдауға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға үйрететін сергіту тренингтері өткізілді. Сонымен қатар қызықты сұрақ-жауаптар беріліп, алғашқы студенттік өмірдің қызықты сәттерін айтып, пікір алмастық. Жалпы кеш барысында студенттерге жақсы көңіл-күй сыйлап, жағымды эмоционалдық қарым-қатынас орната алдық, студенттер өте белсенді қызығушылықпен қатысты және алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын тапсын деген ұсыныстарын білдірді. Соңында кешімізді әсем әуенмен әрледік. Шара өз мақсатына жетті.
Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ
оқытушылары: Рамазанова А.П., Тлепбергенова Г.Е.