«Мамандық таңдау өнермен тең» практикант студенттерге арналған семинар

2024 жылдың 20 ақпан  күні физика- математика факультетінің 2 курс студенттерімен студент –практиканттарға арналған «Мамандық таңдау өнермен тең» тақырыбында семинар-тренинг өткіздім. Мақсаты болашақ түлектерге, мамандықты игеріп жатырған студенттер үшін мамандық таңдау, оның нәтижесінде еңбек қуанышы туралы ұғым беру. Семинар барысы әр сала мамандарының кейпінде кәсіби біліктерін көрсету үзінді көрініс форматы мен  «Жасырылған мамандықты тап»,  «Ең, ең...» ойын –тренингтеріне студенттердің белсенді қатысып араласуы арқылы өтті. Семинар-тренинг өз мақсатына жетті.

«Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» БББ

аға оқытушы, магистр Маденова Лаззат Мутиголлиевна