«Сапалы білім сапалы сабақтан»

 

Магистранттардың «Сапалы білім сапалы сабақтан» тақырыбындағы ашық сабақтар конкурсына қатысуы

 2024 жылы 20 ақпан күні сабақтың сапасын арттыру арқылы мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесін насихаттау және білім сапасын жетілдіру мақсатында «Сапалы білім сапалы сабақтан» тақырыбымен облыстық ашық сабақтар шеруі ұйымдастырылып бастауыш мұғалімдерінің арасында оздырылды.

Байқау екі бөлім бойынша өтті:

  1. «Педагогтің шеберлік сағаты» бөлімінде қатысушы педагогтер кесте бойынша қойылған сыныптарға сабақтар өткізді.
  2. «INNOVATIONS&IDEA» инновациялық идеялар шеруі бөлімінде педагогтер іс-шараны жоспарлау кезіндегі ерекше идеяларымен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша облыстық кезеңнен I орын алғаны үшін Педагогика факультеті 7М06301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары Ильясова Гулбаршын Шарафудиновна және III орын алған Ерекешова Гулнур Алибековнаны  шын жүректен құттықтаймыз, алар асуларыңыз бен бағындырар шыңдарыңыз биік болсын.