19.03.2024 жылы Педагогика факультетінде аға оқытушы, п.ғ.к. І.Ө.Хасанованың МБОПжӘ БББ 1-курс магистранттарына «Наурыз мейрамы» концептісі арқылы қазақтың ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған «Бастауыш мектепте когнитивті лингвистика ұғымдарын оқыту арқылы ұлттық менталдықты тәрбиелеу» атты мәдени-танымдық сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – Наурыз мейрамын тойлау және оның маңыздылығын арттырудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық мерекені, оның маңыздылығын балаларға, жастарға, болашақ ұрпаққа кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік маңыздылығын арттыру. Наурыз мерекесін балалар мерекесі, оны балалар күтетін мереке ретінде қалыптастыру.
Сабақ барысында «Наурыз мейрамы» концептісінің семантикалық өрісін құру, когнитивті белгілерін анықтау арқылы концепті мазмұны «Наурыз мейрамының тойлану тарихына шолу, «Ұлттық киімдер – ұлт бейнесі», «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы», Жастардың дәстүрлі сауығы «Бастаңғы» жөнінде кеңінен сипатталды.