«Білім беру бағдарламаларында сапалы білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында факультет пен жұмыс берушілерімен кездесу

Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту, өзгерістер енгізу – заманның талабы. Осыған орай 2024 жылдың 13 наурызда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика факультетінде «Білім беру бағдарламаларында сапалы білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында факультет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында жұмыс берушілерімен кездесу өткізілді. Жұмыс берушілер кеңесінің мақсаты - білім беруде өзгерістер, қазіргі таңда ерекше білімді қажет ететін балалар көбеюіне байланысты, педагогика және психология БББ арнайы педагогика БББ ашылатындығы жөнінде, жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, болашақ мамандардың құзыреттілігін анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізу, элективті пәндер каталогын қалыптастыруға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету, практикаға бағытталған оқытуды кеңейту мақсатында жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру жүйесін дамыту, білім беру бағдарламасының даму жоспарының дамыту мақсатында кездесу өткізілді.

БББ жетекшілері Д.Г.Хабиева, Э.К.Абдираимова оқытуда білім алушылардың білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері кеңінен қарастыруды, оқытудың элементтерін енгізудің тиімділігі, жас мамандарды қолдаудағы әлеуметтік саясат мәселелері қарастырып, жұмыстану мәселесі талқыланды.

Педагогика факультеті эдвайзері жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру бағдарламаларына ОЖЖ (оқу жұмыс жоспарына) және ЭПК (элективті пәндер каталогына) практикалық-бағытталған пәндер енгізілгендігін, білім берудің заманауи проблемаларына байланысты пәндер көлемі кеңейтілгендігі, биылғы оқу жылында пилоттық бағдарлама бойынша бастауышта оқыту және мектепке дейінгі білім беру білім беру бағдарламалары оқып жатқандығы, арнайы педагогика білім беру бағдарламасының  ашылатындығы жөнінде, жұмыс берушілерден білім алушылардың теориялық  білімдерін  практикамен  ұштастыруда  іс-тәжірибе алмасу жұмыстарына тоқталды.

Жұмыс беруші, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының №2 «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мелекеттік мерекесі басшысы жұмыс беруші Жангалиев Е.К., университет түлектері Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы БҚО Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Д.И.Орынбасаров, А.С.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі А.Кубашева, №6 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Г.К.Куспанова қатыстырылды. Жұмыс берушілер бірлескен жұмыс жасауды, базалық спорт түрлеріне, спортшыларының ішінде маңызды мәселе допинг мәселесіне тоқталып, практикаға көп көңіл бөлінуін, 3-4 курс  білім алушыларды спорт мектептеріне жіберілуін және жас маман, жас жаттықтурыша қажет екеніне, тоғызқұмалақтан спортшылар дайындауда жаттықтырушы екенін айта отырып, қазіргі таңда университет түлектері Ерниязов, Қайыржан Ә. Екі дүркін чемпионы, Бауыржан А., атап өтті, осы ұлттық ойында ары қарай жетілдіру мақсатында бірге жұмыстануды, болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді, білім алушылар бойында белсенділік, балалармен қарым қатынас жасауда, сауаттылыққа тәрбиелеу бойынша бірге жұмыстануды, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау бойынша университетте арнайы курс бағдарламалары ашылса деген ұсыныс айтылды. Отырыс соңында жұмыс берушілер мен түлектерге сауалнама жүргізілді.

Қорытынды факультет деканы Г.А.Ергалиева сөз алды. Жұмыс білдірушілер мен түлектерге  білім берудегі өзгерістерге және толықтыруда пікір білдіргендеріне, өз ойларын айтып,  ұсыныс білдіргендері үшін алғысын айтып, болашақта әрі қарай даму жоспарын орындауда бірге жұмыстануларын сұрады.