Бүгін педагогика факультетінде аға оқытушы Г.Б.Мусагалиеваның ұйымдастырумен «Ұлттық құндылық - тәрбиенің түп қазығы» жобасы аясында «Тыйым сөздер - тәрбиенің көзі» атты тәрбие шарасы оздырылды.
Мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығын, терең тамырлы өнегелі әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, ырым - тыйымдарын, мәдени мұрасын студенттер бойына дарытып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, ырым тыйымдардың ең жақсы үлгілеріне, халықшылдыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу және рухани жан дүниесін дамыту.
Шарада студенттер топтарға бөлініп, ырым-тыйымдарға байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Ырым-тыйымдардардың мән - мағынасын ашып, қимыл-әрекетпен көрініс арқылы көрсетіп, постер қорғап, экранда көрсетілген суретке қарап қандай ырым-тыйым екенін тауып, шара соңында «Қазақтың дәстүрлері ай» әні шырқалды.