«Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына» арналған 81-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Оқытудың барлық бағыттарының білім беру бағдарламалары» секциясы бойынша 2024 жылдың  12 сәуірінде «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына» арналған 81-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, өз жұмысының нәтижелерін өз бетінше таныстыруға мүмкіндік беру, ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында талқылай отырып, аудитория алдында сөйлеу мәдениетін дамыту.

Соңында конференция төрағасы Казетова Алия Хамидуллиевна  сөз сөйлеп, үздік деп танылған бірқатар студенттерді дипломмен марапаттады. Олардың қатарында, «Биология-География»  білім беру бағдарламасының  3 курс студенті Айтымова Лунара 1 дәрежелі, Жетекшісі: оқытушы, магистр Т.Т. Мақсотова, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Батаева Румия 2 дәрежелі, Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы А.Х.Казетова, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Темірболатова Гаухар 2 дәрежелі, Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы И.У.Хасанова, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Каражанова Дильназ 3 дәрежелі, Жетекшісі: аға оқытушы, магистр С.Ф.Баюканская, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының  3 курс студенті Файзуллина Әйгерім 3 дәрежелі,  Жетекшісі: оқытушы, магистр Ф.Е. Есқақова, «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Хауметова Аружан 3 дәрежелі, Жетекшісі: оқытушы, магистр Т.Т. Мақсотова.