1 курс студенттерімен факультет деканының жалпы жиналыс өткізілді

Педагогика факультетінде 27 тамыз күні, сағат 14.30, 7 корпуста (501 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 418 – дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, 210 – Педагогика және психология, психология БББ) аталған дәрісханаларда 2024-2025 оқу жылына қабылданған 1 курс студенттерімен педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гүлжан Алғазықызы, БББ жетекшілері және кураторларымен жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында университеттің білім беру жүйесін, ішкі тәртібін, білім беру ерекшеліктерімен, сонымен қатар «Академиялық адалдық», кредиттік оқыту технологиясының ережесі, БББ құрамы туралы ақпарат беріп, 7 корпус ғимаратымен таныстырып өтті. 1 курс студенттері өздерінің оқу орындарымен танысып қана қоймай өз топтарын білісіп етене араласа бастады.