“Жақсы көңіл-күй жақсы қарым-қатынас” тақырыбында тренинг өткізілді

29.08.2024 ж. күні университетіміздің №4 жатақханасында тұрып жатырған «Бастауышта білім беру», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының 1 курс студентеріне «Жақсы көңіл-күй жақсы қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: бір-бірін жақын таныстырып, жақсы көңіл күй сыйлап, студенттерді ортаға бейімдеп және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Ең алдымен көңілді амандасу тренингінде көңіл күйлерін көтеру үшін бір әуенге билетіп,бір- бірімен амандастырып, таныстыру тренингінде өздерінің есімдерін айтып, бір-біріне жақсы көңіл-күй тіледі. Содан кейін “Өзіме және көршіме”, “Арманыңды орында”,“Тез қимылда” секілді шапшаңдыққа, ұжыммен бірлікте жұмыс жасауға, тез шешім қабылдауға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға үйрететін сергіту тренингтері өткізілді. Сонымен қатар қызықты сұрақ-жауаптар беріліп, мектептегі өмірдің қызықты сәттерін айтып, пікір алмастық. Жалпы кеш барысында студенттерге жақсы көңіл-күй сыйлап, жағымды эмоционалдық қарым-қатынас орната алдық, студенттер өте белсенді қызығушылықпен қатысты және алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын тапсын деген ұсыныстарын білдірді. Соңында кешімізді әсем әуенмен әрледік. Шара өз мақсатына жетті.

Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушылары:
Рамазанова А.П., Тлепбергенова Г.Е.