"Тіл - асыл қазына"

20 қыркүйек күні сағат 15:00-де М.Өтемісов атындағы БҚУ Педагогика факультетінде Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасында қазақ халқының Тілдері күніне орай "Тіл - асыл қазына" атты мерекелік шара өтті. Шарада шетелдік және отандық ғалымдардың, ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің қазақ тілі жайлы сөз оралымдары мен ұшқыр ойларын тыңдап, ән мен күй тыңдап құлақ құрышын қандырдық. Студенттер тіл құдіреті туралы көркем сөз оқып, жүрекке жылу ұялатса, мың бұралған биші қыздар қазақ биін билеп, көзге қуаныш сыйлады. Мерекелік шара соңында Ескендір Хасанғалиевтің әніне жазылған “Атамекен” әнін хормен шырқадық. Қорытынды сөзде шара ұйымдастырушылары БББ жетекшісі, магистр Хабиева Дина Гарифоллақызы мен п.ғ.к. Хасанова Іңкәр Өтебайқызы студенттердің ана тілін ардақтап, оны қадірлеуіне тәрбиелік шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Магистр, оқытушы Өтегенова Елдана Қобландықызы студенттердің өнеріне тәнті болып, алдағы уақытта да осындай мерекелік шаралар болатынын айтты.