18 қыркүйек күні Педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр Есқақова Фариза Ерболатқызы МДОТ 4 курс студенттерімен «Мен оқыған бір кітап» атты табиғат аясында шара өткізді. Шарада студенттер табиғат аясында ішінара түрлі әдеби кітаптар оқып, оларға талдау жүргізілді
Аспан астында кітап оқу – күздегі керемет мүмкіндік. Жаңа білімді де игеріп, ойнап та, достармен бірге таза ауа жұтып та үлгеруге болады. Бұл уақытта телефоннан да демалады. Сондай-ақ бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, көзқарасының дамуына ықпал етеді. Ал кітап оқу – студенттердің өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға, табиғатты қорғауға, оны аялауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.