2024 жылы 11 қазан күні қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай «Ғажайып өнер әлемі» атты сурет сайысы өтті. Алдымен суретшінің өмірбаяны мен шығармашылығын Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Уканова Улпан мен Уразбаева Альбина таныстырып кетті (Слайд). Сайысымызға аталмыш мамандықтың 1-ші және 2-ші курс студенттері қатысты. Ең алдымен студенттерді үш топқа бөлдік. Әр топ топтың аты мен ұранын ойластырды. Сайыс болған соң оны бағалайтын әділ-қазылары да болмақ. Әділ-қазылар мүшесімен таныстырып өттік.
Мектептегі көркем еңбек дизайн тобының 4 курс студенттері 1. Насиов Марғұлан 2.Рамазанов Арман 3.Жалгас Карлыгаш 4. Серіков Бақберген. Сайыс кезеңдері 1. Өлең құрастыру. 2. Қолөнер. 3. Сұрақ-жауап 4. Сурет салу.
Әр сайыс кезеңдері бойынша студенттер белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетті. Соңында әділ-қазылар сөз алып, жеңген топтарды дипломдармен марапаттады. Кешімізді әнмен аяқтадық.