2024 жылдың 16-17 қазанда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінде 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша өткізілген «Болашақ табысты ұстаз - ұлт кепілі» атты ХV республикалық пәндік олимпиадасына қатыстық. Олимпиада 4 кезеңнен тұрды.
1-кезең. «Мұғалім оқушыны табысқа жетелейді»
2-кезең. «5 минутта жаса».
«Күш білімде» теориялық сайысы
3 кезең. «Оқимын, талдаймын»
4 кезең. «Педагогикалық симфония» практикалық сайыстары. Бұл олимпиадаға «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ бойынша 4 студент қатысты. Олар: Амреева К.Р., Қосаев Т., Маратқызы А., Ерғазы Е.Е.
Олимпиада нәтижесі бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ-ның студенттері «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, «5 минутта жаса» атты сайысында үздік деп танылды.