“Бастауыш сынып мұғалімі – заман талабы ” бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу шеберлік сағаты

2024 жылы қарашаның 27-сі күні “Бастауыш сынып мұғалімі – заман талабы ” атты бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу шеберлік сағаты өткізілді. 

Мақсаты: Болашақ  мамандарға педагогикалық шеберлікті арттыру және  практикалық білімдерін жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек беру.

Кездесуге “Бастауышта оқыту теориясы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының бітіруші түлектері және оқытушылар қатысты.  Шеберлік сағатына №2 Ж. Молдағалиев атындағы ЖОББМ директордың оқу-тәрбие орынбасары Г.И. Беккалиева, директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары А.К. Имангалиева және  бастауыш сынып мұғалімдері Г.К. Суханова, А.С. Кушенова, Ешниязова Н.Ж. келіп, жалпы мектептің жұмыс бағытымен, сабақ беру үрдісінде қолданылып жүрген қазіргі жаңа технологиялармен таныстырып, өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, осы бағытта кеңестерін беріп, пәндері бойынша көрнекіліктерін ала келіп, тәжірибе жүзінде көрсете отырып, студенттерді қызықтыра білді. Төмендегідей тақырыптар аясында дәріс оқып, студенттермен қызықты тапсырмалар орындалды.

 “Электронды күнделік- білім  беруді цифрландырудың тиімді құралы” -  Беккалиева Г.И.  - №2 Ж. Молдағалиев атындағы ЖОББМ директордың оқу-тәрбие орынбасары

“Бастауыш сыныптарда функционалдық сауаттылықты жүргізудің әдіс-тәсілдері”  - Имангалиева А.К. – №2 Ж. Молдағалиев атындағы ЖОББМ директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары.

“Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік”  - Суханова Г.К., Кушенова А.С. - №2 Ж. Молдағалиев атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері

“Жаңа технология тиімділігі” -  Ешниязова Н.Ж. – №2 Ж. Молдағалиев атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі.

Бұл кездесуден студенттер яғни жас мамандар өздеріне үлкен әдістемелік көмек ала алды, сұрақтарына нақты жауап алып , өз мамандықтарына деген деген қызығушылықтары артып, көзқарастары өзгерді. Кездесу соңында қонақтарымызға алғыс білдіре отырып, университет атынан алғыс хаттар табысталды.