18-19 қазанда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінде 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІ республикалық «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі жаңа талаптар мен жетістіктер» атты пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды.Болашақ мектепке дейінгі мамандардың шығармашылық сайысына ҚР 16 жоғары оқу орындарының, соның ішінде М. Өтемісов атындағы БҚУ студенттері Тілекқайырқызы Д., Хайролла П., Альдекешова А., Орынбасарова А. қатысты.
Команда жетекшілері –Есқақова Ф.Е.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін және олардың шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, белсенді кәсіби сана-сезімді қалыптастыру,
Республикалық пәндік олимпиада «Біз қалаған мамандық» (командалардың таныстырылуы),«Ойла да, ойна» (кез-келген ойын түрін таңдай отырып, ойынның атауы мен міндеттерін анықтау);«Зияткерлік марафон» (тест),«Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» (қалдық заттардан ойын түрін дайындау),«Ойын іс-әрекеті - біздің тәжірибеде» (үй тапсырмасы, бейне ұйымдастырылған іс-әрекет) атты төрт кезеңнен құралды. Қатысушыларымыз бар
Қазылар алқасының шешімі және жиған ұпайларының қорытындысы бойынша біздің студенттеріміз ІІ дәрежелі дипломмен және «Ойла да,ойна» кезеңінде үздік команда номинациясымен марапатталды.
Команда жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелеріне Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінің басшылығы атынан алғыс хаттар табыс етілді.