Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай аға куратор Г.Б.мусагалиеваның ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты іс-шара өтті.
Қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыға арналған шарада «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгімелері, хикаялар таныстырылып, Б. Соқпақбаев туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді. Шара соңында студенттер Бердібек атамызға арналған арнау өлеңдерін де оқып, «Менің атым –Қожа» фильмінен үзінді орындады.
Балалар әдебиетінің бәйтерегі Б. Соқпақбаев атамыздың өмірі мен балаларға арналған кештен қатысушылар жазушының шығармаларына шолу жасап, рухани азық алды.