Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Жүрек сөздері» атты әдеби кеш

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Педагогика факультетінің Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы білім алушыларының ұйымдастыруымен  Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Жүрек сөздері»  атты әдеби кеш оздырылды.

Қазақ поэзиясының ұлы тұлғасы, Мағжан Жұмабаевқа арналған әдеби кеште топ студенттері ақынның поэзия әлеміне еніп, оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні мен  ақынның қаламынан туған жыр шумақтарын оқыды.

«Мен жастарға сенемін» деп елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артқан әдеби кештен студенттер Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын еске алып, оның поэзиясынан рухани азық алды.