7М01307«БОПӘ»БББ-ның 2-курс магистранттарының педагогикалық практика қорытындысы

ЖОО-да магистранттардың теориялық және практикалық білім деңгейін және олардың шығармашылық ізденістерін жетілдірудің маңызды жолы педагогикалық практика болып табылады. Магистратурадағы педагогикалық практиканың мақсаты – жоғары оқу орнындағы кәсіби және педагогикалық іс-әрекетке дайындық, жоғары оқу орны оқытушысының әлеуметтік және кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

Педагогикалық практиканың мақсаты мен негізгі міндеттеріне сәйкес, 28.10.2024 – 07.12.2024 жыл аралығында М.Өтемісов атындағы БҚУ «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» БББ-ның 2-курс магистранттары «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» БББ-ның базасында практикадан өтіп, оның нәтижелері туралы қорытынды конференцияда есеп берді.

Магистранттар бірнеше топқа бөлініп, өз есептерін ерекше сипатта баяндады. Мәселен, өткізілген сабақтар саны, сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану; сабақты жоспарлау мен өткізуде кездесетін қиындықтар мен жетістіктер; практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы қорытынды ойлары мен ұсыныстарын жеткізді. Конференция соңында магистранттар қызметінің қорытынды есеп нәтижелері бағаланды.