Кәсіби бағдар беру

2024 жылдың 10 қазанында Педагогика факультеті деканы Г.А. Ергалиева Орал қаласының   № 42 Ақ ниет гимназиясы мектебінің түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Қатысушы түлектерге білім беру бағдарламасы туралы ақпарат берілген буклеттер таратылып, презентациялар көрсетілді. Кәсіптік бағдар беру барысында мектеп түлектеріне университеттің артықшылықтары, марапаттары мен жетістіктері, оқу процесі, академиялық ұтқырлық және бакалавриаттан кейінгі магистратура мүмкіндіктері, сонымен қатар жалпы университет туралы ақпарат берілді.Оқушылар академиялық ұтқырлық бағдарламалары, оқу ақысы, университет мамандықтарының ерекшеліктері, болашақта кім болып істей алатыны туралы сұрақтар қойып, толық жауап алды. Аталған мектептің жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттағы бітіруші сыныпта  47  оқушы білім алуда. Соның ішінде 14 оқушы БҚУ жоғары оқу орнын таңдап, түсуге ойларының бар екенін білдіртті.