15.12.2024 ж күні оқу жоспарына және оқу кестесіне сәйкес, 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 және 3 курс (ПИМНО-41, 42, 45, ПИМНО-у/33, ПИМНО-31(3), ПИМНО-33(3) топтары) студенттеріне 20.01.2025 – 03.05.2025 ж.ж. уақыт аралығында кәсіби педагогикалық практикадан және 14.04.2025-03.05.2025 ж.ж. уақыт аралығында мектептерден кәсіби дипломалды практикадан өтулеріне байланысты конференция ұйымдастырылды.
Кәсіби педагогикалық практиканың мақсаты, міндеті, студент машықкердің кәсіби педагогикалық практика жоспары, практика мазмұны, практика бойынша студенттердің есеп құжаттары, сонымен қатар әдіскермен таныстырып, студенттердің қай мектептерден өтетіндіктері жөнінде мәліметтер берілді.
Практиканың мақсаты - оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан болашақ мұғалімдердің педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.
Практиканың міндеттеріне келесілер кіреді:
- оқу пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
- жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- оқу бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
- студенттердің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Бітіруші топ студенттері қаланың №1; №10, №17, №20; №24; №43, №40, №50 мектептеріне және студенттердің сұраныстары негізінде ауылдық мектептерге бөлінді.
Практиканың әдіскерлері ретінде «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» БББ оқытушылары Г.С.Абугалиева, Г.Е.Тлепбергенова, Т.Т.Мақсотова бекітілді.
Конференция барысында студенттер өздеріне қажетті, түсінбеген сұрақтарын койып, әдіскерлер тарапынан жауаптары беріліп, толық мағұлмат алды.
Студенттер түгелдей қатысып, практика соңында тапсырылатын құжаттардың үлгісімен таныстырылып, оқыту хаттамасы толтырылды.