Халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда.
Былтырғы оқу жылында Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 6В01301 – бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша ПиМНО-31-1 топ студенті Е.А.Ходин Италия елінің Неаполь қаласында L'Orientale институтында білім алып келді.
2024-2025 оқу жылының 1 семестрінде шығыс академиялық ұтқырлық шеңберінде 02.09.2024-31.12.2024 уақыт аралығында 6В01201 – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ студенттері А.Қ.Орынова, Қ.Б.Амангельдина, А.О.Латиева, А.Н.Нұрболатова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім алып келді.
Сонымен қатар, кіріс академиялық ұтқырлық бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен 6В01301 – бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ 3 курс студенті Т.А.Король 02.09.2024-31.12.2024 мерзім аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім алды.
2024-2025 оқу жылының 2 семестрінде 6В01301 – бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ бойынша 3 курс студенті Б.Х.Куралбаева Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне семестрлік оқуға жіберілді.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 3 курс студенттері Қ.А.Насырова, Ж.К.Сансызбаева, А.М.Сейтали кіріс академиялық ұтқырлық бойынша 20.01.2025-31.05.2025 уақыт аралығында оқуға қабылданды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге ғылыми және білім беру саласында тәжірибе алуға, кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейтуге, т.б. бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді.





