“Ұлттық құндылық – ұлт келбеті”

24 ақпан күні Педагогика факультетінде “Ұлттық құндылық – ұлт келбеті” атты тағылымды шара өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді насихаттау, ата-бабамыздан қалған рухани мұраны дәріптеу және жастар арасында патриоттық сана қалыптастыру болды.

Шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар кеңінен таныстырылып, қазақтың киім үлгілері, қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдары көрмеге қойылды. Сондай-ақ, студенттерге арнап интелектуалды ойындар ұйымдастырылды.

Іс-шараға “Педагогика” факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру»  1 курс студенттері, «Бастауыш білім беру» 1 курс студенттері, «дене шынықтыру және спорт» 1 курс студенттері және факультетіміздің белсенді студенттері қатысты. Шараның құрметті қонақтары ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытудың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.

Қазылар алқасы қатарында “Мектеп дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы” білім беру бағдарламасының оқытушылары Тлепбергенова Гаухар Елемесовна, Ескақова Фариза Ерболатовна, Мақсотова Толқын Тілекқабылқызы және факультеттің студенттік деканы Көшкінбай Амандық Берікбайұлы төрешілік етті.

Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ерекше белсенділік танытқандар марапатталды. Ұлттық мәдениетімізді насихаттауға арналған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.