Педагогика факультеті «Мектепке дейінгі білім беру» білім беру бағдарламасының кураторы С.Н.Есенованың ДО(IP)-11 тобының ұйымдастырылуымен, «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты мәдени іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғырту, ұлттық ойындарды дәріптеу және жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау.Іс-шара барысында қазақтың «Бесікке салу», «Қонақ күту», дәстүрлері көрсетіліп, олардың мәні мен маңызы түсіндірілді. ДО(IP)-11 тобының студенттері салт-дәстүрлердің ерекшеліктері туралы баяндады. Моб 21 тобының студенті Набиев Қанат орындауындағы күй шараның көркін аша түсті. Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында арнайы слайд-презентация ұсынды.Презентацияда қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері және тағамдары туралы мәліметтер берілді.Топ студенттері көмегімен көрермендер арасында «Асық ату» ойыны өткізілді.
Шара соңында «Туған ел» әні орындалып, қонақтар дастарханынан дәм татты. «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты мәдени іс-шара жоғары деңгейде өтті.