Педагогика факультетінің "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы" жобасы аясында 26.02.2025ж. күні ДОВ-31 тобының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық – ел болашағы» атты ҚАЗАҚША QUIZ өткізілді. Шараның мақсаты – студенттердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін тереңірек таныстыру арқылы ұлттық сана-сезімді нығайту және патриоттық рухты көтеру.
Байқау 6 бөлімнен тұрды:
- Сұрақ-жауап
- Суреттер сөйлейді
- Таныс әуен
- Көзқарас
- Кино
- Бәс
Әрбір бөлімде ұлттық -құндылық, тарих, мәдениет, салт-дәстүрлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар дайындалған. Студенттер белсене қатысып, әрбір бөлім қызықты және танымды болды. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталып, студенттерге дәмді дастархан жайылды.