«Әшекей бұйым жасау» шеберлік сағаты

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» жобасы аясында Педагогика факультетінің ұйымдастыруымен 27 ақпан күні, сағ.11.10, бас ғимарат, 209 аудиторияда университеттің ПОҚ пен бөлім қызметкерлеріне арналған «Әшекей бұйым жасау» шеберлік сағаты өткізілді. Шараға шақырылған қонақтар:

Батыс Қазақстан облыстық  тарихи өлкетану музейінің «Экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету» бөлімінің экскурсоводы Қуанова Данагүл Саматқызы және «Экспозиция және көрмені жабдықтау» бөлімінің маманы  Айкөркем Батырханқызы.

Шараға қатысушылар:

1.Мәдениет және өнер факультетінің вокал мұғалімі Бейсова Ботагоз Сабитовна;

2.Жаратылыстану және география факультетінің биология химия ғылымдары және қоршаған орта ббб оқытушысы Утебалиева Бақжан Едигеевна;

3.Физика және математика факультетінің информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау ббб оқытушысы, магистр Рамазанова Ләззат Есентаевна;

4.Тарих және экономика факультетінің бизнес басқару және туризм ббб оқытушы, магистр Таласпаева Ақырыс Ержанқызы;

5.Филология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Ахонова Альбина Сансызбаевна;

6.Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің менеджері Ахонова Арайлым Сейсенғалиқызы;

7.Әдістемелі жұмыс және білім беру технологиялары бөлімі маманы Төлегенова Айнагүл Жасқайратовна;

8.Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Қанатова Бибинұр Махамбетовна;

9.Педагогика факультетінің кіші қызметкері Губашева Әлия.

Шараны жүргізуші Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ аға оқытушысы Г.Б. Мусагалиева бастап, алғы сөзді педагогика факультетінің деканы Г.А. Ергалиева алды.

Шара соңында қатысушыларға алғыс хат пен дәм ұсынылып, дастарханнан дәм тартқызды.