Психологиялық тренинг: «Қарым-қатынастағы сенім және ашықтық»

 Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушысы Т.Т.Мақсотова 2025 жылдың 17 сәуір күні 6В01534 Химия БББ және 6В01533 Биология БББ-ның 1 курс студенттеріне «Қарым-қатынастағы сенім және ашықтық» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Студенттердің бір-біріне деген сенімін арттыру, ашық қарым-қатынас орнату, өзара түсіністік пен эмоционалдық қолдау көрсету дағдыларын дамыту.

Психологиялық тренинг барысында «Ашық әңгіме», «Мені түсін», «Мен кіммін?», «Сенім деңгейі» атты тренингтер жүргізілді. Барлық тренингтен кейін қысқаша рефлексия жасалды. Тренинг мақсаты толық орындалды. Қатысушылар белсенді қатысып, бір-бірімен сенімді әрі ашық қарым-қатынас орнатудың маңызын түсінді.