«Инклюзивті білім беруді оқытудың ерекшеліктерін талдау» тақырыбында дәстүрлі емес ойын сабағы

Педагогика факультеті 31 наурыз-25 сәуір күндер аралығындағы “Болашақ білім беру: студенттердің шығармашылық, креативті дағдыларын дамытуда жаңа оқыту парадигмаларын интеграциялау” тақырыбы әдістемелік айлық барысында 18 сәуір күні Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Л.М.Маденованың «Инклюзивті білім беруді оқытудың ерекшеліктерін талдау» тақырыбында, «Алтын сақа» ертегісінің желісімен ұйымдастырылған дәстүрлі емес ойын сабағы өтті. Бұл сабақ инклюзивті білім беру принциптерін ескере отырып, барлық студенттеррдің белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.«Алтын сақа»  ертегісінің мазмұны арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге орасан зор мүмкіндік қарастырылған.Сабақ жоғары деңгейде ұйымдасытырылып ойластырылған.