«EduHack»–Білім беру хакатоны:Цифрлық білім беру платформаларының педагогикалық бейімделуі

2025 жылдың 14 сәуір күні «Болашақ білім беру: студенттердің шығармашылық, креативті дағдысын дамытуда жаңа оқыту парадигмаларын интеграциялау» тақырыбындағы әдістемелік апталыққа орай мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасында білім беру хакатоны өткізілді. EduHack - Білім беру хакатоны «Цифрлық білім беру платформаларының педагогикалық бейімделуі» тақырыбында оздырылып, оған ДО-21, НО-21, НО-23 топтары қатысты. Шарада цифрлық платформалардың оқытушы мен оқушы арасындағы шынайы қарым-қатынасқа әсері және оны педагогикалық тұрғыда тиімді ұйымдастыру жолдары негізгі мәселе ретінде қарастырылды. Хакатонның мақсаты оқыту процесінде қолданылатын цифрлық платформалар (Zoom, Google Classroom, Moodle, Teams, Kahoot, т.б.) арқылы шынайы педагогикалық қарым-қатынастың мүмкіндіктерін зерттеу, идеялар мен шешімдер ұсыну, мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтық және эмоционалдық байланыс деңгейін арттыру жолдарын табу болды.

Қатысушы студенттер төрт топқа бөлініп, ЖИ арқылы топтың аты мен эмблемасын құрастырып, екінші турда төрт топ төрт түрлі “Эмо-қарым-қатынас” функциясы бар оқыту платформасының прототипі”; “Виртуалды ортада мұғалім-оқушы қарым-қатынасын жақсартатын геймификацияланған құрал”; “Digital-бақылау парағы: оқушының эмоционалдық күйін бағалау”; “Ата-ана мен оқушының белсенділігін арттыруға арналған мобилді қосымша макет” тақырыпта жобаларын қорғады. Студенттер бір-бірімен идеясымен бөлісіп, шара соңында сертификатпен марапатталды.

Жауапты: магистр, оқытушы Өтегенова Е.Қ.

14.04.2025 15:00 508 аудитория