«Бастауыш білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістер: ЖОО мен мектеп тәжірибесі» атты шеберлік сыныбы

Педагогика факультетінің әдістемелік айлығы аясында п.ғ.к., аға оқытушы И.У.Хасанова мен бастауыш мектеп мұғалімдері педагог-зерттеуші, магистр Л.К.Абдрахманова, педагог-сарапшы, магистр А.Б.Дүйсекенованың ұйымдастыруымен болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістер: ЖОО мен мектеп тәжірибесі» атты шеберлік сыныбы өткізілді.

Шеберлік сынып барысында студенттер қазіргі бастауыш білім беру жүйесіндегі басты өзгерістермен танысып, құндылықтарға негізделген «Мейірім үшін жасалған қадам» атты жағдаяттық мәтін арқылы мейірімділік, адалдық, жауапкершілік сынды адамгершілік құндылықтарды талқылады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы таныстырылып, алты негізгі құндылықты оқушы санасына қалай сіңіруге болатыны жайлы пікір алмасу жүргізілді. Студенттер құндылыққа негізделген сабақ идеясын постер арқылы ұсынып, шығармашылықпен жұмыс жасады. «Жүрек, Ақыл, Қол» әдісі арқылы қызықты рефлексиямен қорытындыланды. Шеберлік сынып студенттердің болашақ маман ретінде кәсіби көзқарасын қалыптастырып, құндылықтар арқылы бала тәрбиесінің маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.