29.04.2025ж. күні Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ студенттері арасында Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ вальсінің королі» атты әдеби - сазды кеш оздырылды.
Мақсаты: Әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен танысу. Шәмші әндерін насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау және оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу.




