«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ студенттеріне аға оқытушы, магистр Г.Б.Мусагалиеваның ұйымдастыруымен «СЕЗІМ СУРЕТІ» атты арттерапия оздырылды.
Арттерапия шарасының мақсаты – студенттердің эмоционалдық жағдайын жақсарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және стрессті жеңілдету арқылы психологиялық тұрақтылықты арттыру. Сонымен қатар, бұл шара студенттердің өзін-өзі тануына, ішкі сезімдерін білдіруге және топтық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.
Шарада студенттер ішікі сезімдерін ақ қағазға түсіріп, әдемі дүниелер жасап шығарды. Шара соңында қатысқан студенттер төмендегідей номинациялармен марапатталды:
- Арт-терапия сайысына белсенді қатысып, шығармашылыққа деген қызығушылығы мен жан дүниесін өнер арқылы шебер жеткізе білгені үшін марапатталады.
- Арт-терапия сайысына белсенді қатысып, түстерді үйлесімді қолдана отырып, ерекше көңіл-күй сыйлағаны үшін марапатталады.
- Арт-терапия сайысына белсенді қатысып, ерекше идеялары мен шығармашылық көзқарасы арқылы дараланғаны үшін марапатталады.
- Арт-терапия сайысына белсенді қатысып, өз сезімін әсерлі жеткізе білгені үшін марапатталады.
- Арт-терапия сайысына белсенді қатысып, өнерге деген шынайы құштарлығын көрсетіп, өзгелерге шабыт сыйлағаны үшін марапатталады.
- Арт-терапия сайысына белсенді қатысып, өз жұмысы арқылы жылулық пен мейірімді жеткізе білгені үшін марапатталады.