2025 жылдың 10 ақпаны мен 24 ақпаны аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты И.У. Хасанова Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу үдерісіне қатысты.
Бағдарлама аясында И.У. Хасанова аталған университеттің 6В010301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2-курс студенттеріне «Балалар әдебиеті» пәнінен дәрістер оқып, семинар сабақтарын өткізді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы бұл тәжірибе жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтып, оқытушылар мен студенттердің білім мен тәжірибе алмасуына, оқу үдерісінің сапасын арттыруға үлес қосты.