Күміс жас кезеңіне арналған психологиялық практикалар: үйлесім мен белсенділікке жол

2025 жылғы 17 маусымда «Күміс университет» бағдарламасы аясында практикалық психология бағыты бойынша мектепке дейінгі және бастауыш оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының педагогикалық факультетінің оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты Ерғалиева, магистрлер Абуғалиева Г.С., Баюканская С.Ф., Федорченко Л.А. курс тыңдаушыларымен психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылардың өзін-өзі бағалауын және өмірлік сергектігін арттыруға, эмоционалдық жеңілдеуге, бірлік сезімін нығайтуға, ұсақ моторика, шығармашылық қызмет арқылы есте сақтау мен зейінді дамытуға бағытталған жаттығулар орындалды.