23.10.25 күні НО-11 және НО-11(3) топтарының қатысуымен «Республика – Мәңгілік елдің негізі» атты тәрбиелік шара өтті. Шараның негізгі мақсаты – Республика күніне орай студенттердің ел тарихына, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, Отанға сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімін қалыптастыру болды. Тәрбиелік шара барысында еліміздің тарихына шолу жасалып, маңызды ақпараттар айтылды. Студенттер өз шығармашылықтарын паш етіп, өлеңдерін мәнерлеп оқып, ойларын ортаға салды.
Тәрбиелік шара мазмұнды өтіп, студенттердің ел тарихын терең түсінуіне және ұлттық құндылықтарды бағалау сезімін арттыруға ықпал етті.








