Азаматтық жауапкершілік және референдумға қатысу мәдениеті

 

13 наурыз күні «Азаматтық жауапкершілік және референдумға қатысу мәдениеті» тақырыбында НО(IP)-13 тобының студенттерімен топ кураторы Т.Т. Мақсотова референдум бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру және референдумға қатысу мәдениетін дамыту.

Түсіндіру жұмысы барысында студенттерге референдумның мәні мен маңызы, оның демократиялық қоғамдағы рөлі, сондай-ақ әрбір азаматтың ел өміріндегі маңызды шешімдерге қатысу құқығы мен жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар референдумға қатысудың азаматтық белсенділікті арттырудағы маңызы және жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуының қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу барысында студенттерге референдум өткізу тәртібі, дауыс беру процесі және азаматтардың құқықтары жөнінде ақпарат берілді. Іс-шара соңында студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасу ұйымдастырылды.