Дене тәрбиесі кафедрасы 1- курс студенттері үшін онлайн сауықтыру жаттығуларын өткізді

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің дене тәрбиесі кафедрасы 1- курс студенттері үшін онлайн сауықтыру жаттығуларын өткізді. Мақсаты: Студенттерге  салауатты өмір салтын нығайту. Сауықтыру жаттығулары 10-12 қараша аралығында БҚУ-нің барлық факультеттері үшін өткізілді. Денсаулық жағдайы жақсы студенттердің барлығы қатысты. БҚУ студенттері бұл іс-шараға белсенді қатысты. Студенттер күш-қуат жинап  сондай-ақ күні бойы сергектік пен белсенділікті сақтады.Осы іс-шараға қатысқан студенттеріміздің барлығына зор денсаулық  тілейміз.