Батыс Қазақстан Университетінде дене тәрбиесі кафедрасы 16.11.2020 жылдан бастап «Денсаулық сақтау жүйесіндегі халық денсаулығы» атты өндірістік гимнастика жаттығуларын өткізеді БҚУ-да жұмыс істейтін барлық адамдар үшін ұзақтығы 10 минут жаттығу күн сайын сағат 11.00-де жүргізіледі. Бой жазу жаттығулары арқасында барлық оқытушылар мен қызметкерлер күш қабілеттерін шындап иммунитеттерін күшейтіп жұмыс жасау қабілеттерін ұлғайтады. Адам бойындағы құпияның сыры сол егер адам физикалық тұрғыдан дайын болса, оның бойындағы күш – қабілеті артып көрсеткіштері жақсарады. Баршаңызға мықты денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.