13 қазанда 6 факультет арасында жеңіл атлетикадан кросс-эстафета өтті. Кросс-эстафета Хан тоғайында сағат 14.00-де басталды. Командалар барлығы факультеттер бойынша жауапты командалармен бірге жиналды. Дене тәрбиесі кафедрасы осы жарысты толық құрамда өткізді.
Эстафетаның бірінші күнінің қорытындысы:
1-орын Мәдениет және өнер факультеті
2-ші орын Экономика және құқық тарихының
3-орын Физика математика факультеті
4-ші орын Табиғи география факультеті
5-ші орын Педагогика факультеті
6-орын Филология факультеті
Барлық студенттер белсенді қатысып, өз факультеті үшін лайықты өнер көрсетті. Жақсы төзімділік пен физикалық қасиеттерді көрсетті.