2023 жылдың 17 қазан күні сағат-14:00 де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің дене тәрбиесі кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар жұмысының жоспары бойынша «Физическая культура и спорт в системе образования» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессоры Ф.И. Собянин, профессор М.О. Даупаев, профессор В.Ю Салов, доцент Т.И. Клименко, аға оқытушы, магистр Ш.А. Макашев, аға оқытушы Л.В. Демченко баяндамаларымен дөңгелек үстел жұмысына өз пікірлерімен бөлісті.
Алғы сөз педагогика факультетінің деканы п.ғ.к Ерғалиева Гүлжан Алғазиевнаға берілді. Облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы М.Х. Темиргалиева дөңгелек үстелге қатысып өз ойын айтты. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында баяндамалар оқылып талқыланды.
Баяндамашылар:
1. «К вопросу об исследовании объектов истории видов спорта»
Ф.И Собянин. п.ғ.д., профессор Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Ресей)
2. «Роль физической культуры в Вузе,укрепления здоровья и поддержания долголетия» Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті аға оқытушы, магистр Ш.А.Макашев
3. «Физическая культура и спорт в системе образования» п. ғ. к. қауымдастырылған профессор М.О. Даупаев
4. «Здоровый образ жизни, проблемы и пути их
решения» п.ғ.д., профессор Салов В.Ю.
5. «К вопросу изучения исторических аспектов физической культурый и спорта» БҚУ М. Өтемісов "дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі" кафедрасының доценті Клименко Т.И.
6. «Нетрадиционные методы, проведения занятий физической культуры в ВУЗЕ» дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы
Л.В. Демченко.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы.
Баяндамалар мен баяндамаларды талқылау барысында өндірістік педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізудің тиімділігін арттыру жолдары белгіленді. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Л.В. Демченко мұндай іс-шаралар мамандарға проблемаларды жан-жақты көруге, оларды шешу жолдарын анықтауға және практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар мен қатысушылар өндірістік педагогикалық практиканы әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелерін шешуде одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Дөңгелек үстел кезінде Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессоры Ф.И. Собянин аға оқытушы Л.В. Демченконы Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің «дене шынықтыру және спорт» бағытында аспирантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламасын меңгергені үшін аспирантура дипломымен табыстады.
Дене тәрбиесі кафедрасында дөңгелек үстел өткізілді
Дене тәрбиесі