08.11.2023 М.Өтемісов атындағы БҚУ әдістемелік айлығы аясында 1 курс студенттері арасында волейболдан турнир өтті. Турнир жоғары деңгейде өтті, студенттер әсерлі де әдемі ойын көрсетті.
Жарыстың мақсаты осы спорт түрін студенттер арасында кеңінен насихаттау және оларды спортқа баулу болатын.
Ұйымдастырушылар дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары болды. Бас төреші оқытушы Бактыгалиев Ж.Е.
Байқауға 60-тан астам оқушы қатысып, орындар төмендегідей бөлінді:
- Физика-математика факультеті
- Жаратылыстану-география факультеті
- Мәдениет және өнер факультеті
- Филология факультеті
- Тарих, экономика және құқық факультеті
- Педагогика факультеті