Үстел теннисі

09.11.2023 1 курс студенттері арасында М.Өтемісов атындағы БҚУ әдістемелік айлығы

 аясында үстел теннистен турнир өтті. Турнирдің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтті. Спортшылар өз өнерлерін көрсетіп, жағымды эмоцияларға ие болды. Жарыстың мақсаты осы спорт түрін студенттер арасында кеңінен насихаттау және оларды спортқа баулу болатын.

Ұйымдастырушылар дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары болды. Бас төреші аға оқытушы Джумагалиев А.Х

Байқауға 60-тан астам оқушы қатысып, орындар төмендегідей бөлінді:

  1. Физика-математика факультеті
  2. Мәдениет және өнер факультеті
  3. Жаратылыстану-география факультеті
  4. Педагогика факультеті
  5. Тарих, экономика және құқық факультеті
  6. Филология факультеті