«Ойын және төрелік: заманауи бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

16.11.2023 «Ойын және төрелік: заманауи бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. БҚУ дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ баскетболдан облыстың аға жаттықтырушысы Қуанаев Досым шақырылды.

Аға оқытушы, дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Демченко Л.В., құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Қашқынбай Қ.Т. Спорттық іс-шаралардағы төрелік және даулы мәселелер тақырыбында презентация жасалды.

Бақтығалиев Ж.Е., аға оқытушы Телагисов М.Қ. және Тюрина Т.И. Төрешілік тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдірді .Қатысушылар төрешіліктің заманауи мәселелерін, нюанстарды және әртүрлі спорт түрлері бойынша ережелердегі қызықты жаңалықтарды талқылады.

Әңгіме барысында төрелікті дамытудың тенденциялары мен келешегі айқындалып, спорт федерацияларының қызметі талқыланды.