Республика күніне орай волейбол турнирі

23.10.2024 күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында Республика күніне орай волейбол турнирі өтті

  1. Турнирдің күні, орны және бағдарламасы:
  • Турнир 23 қазанда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің спорт кешенінде өтті.
  • Ашылу салтанаты 23.10.2024 күні сағат 14:00-де өтті.
  • Марапаттау рәсімі — сағат 18:00-де.
  1. Марапаттау:
  • Жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен марапатталды:
  • 1-орын: Шаруашылық бөлімі
  • 2-орын: Педагогика факультеті
  • 3-орын: Филология факультеті

 Турнирдің оқытушылар үшін маңызы:

Турнир оқытушылардың физикалық белсенділігін арттыруға, ұжымды біріктіруге, командалық қарым-қатынасты жақсартуға және университеттегі корпоративтік рухты қолдауға ықпал етеді. Осындай іс-шараларға қатысу жұмыс процесінен алшақтап, қуат алып, бейресми жағдайда жұмыс байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.