2024 жылғы 16-17 және 23-24 қараша күндері Орал қаласында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ашық қалалық спартакиада өтті. Іс-шара студенттердің спорттық шеберлігін жетілдіру, денсаулықтарын нығайту және ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Спартакиада аясында тоғызқұмалақ, волейбол, мини-футбол, баскетбол, асық ату және үстел теннисі бойынша жарыстар өткізілді.
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ жарыстарына университеттің филология, география және педагогика факультеттерінің студенттері қатысты. Олардың ішінде Жасұлан Сәкенов, Нұрлан Қуанышбеков, Айдана Оразбекова және Мәдина Тұрсынова ерекше ойын көрсетті. Команда жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Жаттықтырушы: Сатыбалды Шамыранұлы Бекбаев.
Волейбол
Волейбол жарыстары ерекше тартысты өтті. Университет командасы жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, құрметті екінші орынды жеңіп алды. Команда ойыншысы Фариза Оңғарбайқызы Сәкенова өзінің шеберлігімен көзге түсіп, жарыстың үздік ойыншысы атанды.
Жаттықтырушы: Руслан Бекжанович Куатов.
Үстел теннисі
Үстел теннисі бойынша университет командасы үшінші орынға ие болды. Жалпы нәтижеге өз үлесін қосқан студенттер – экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті Ерталиев Нұралы Бейбітұлы (ЮР-31) және Райымбек Сейітбаев жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.
Жаттықтырушы: Телагисов М.К.
Университет намысын қорғау
Спартакиада барысында университет студенттері жоғары дайындықтарын, бірліктері мен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Олар әр спорт түрінде бар күш-жігерлерін салып, оқу орнының намысын лайықты қорғады.
Бұл жетістіктер – студенттер, жаттықтырушылар және ұйымдастырушылардың ортақ жұмысының нәтижесі. Біздің студенттер тек жеңіс үшін емес, нағыз спорт рухын таныту үшін де күресті.
Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!