Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультеті, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының топ кураторлары Тапаева Ж.Т., Ж.Ж.Нәбиева, О.А.Панищеваның ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған   «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»  атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің  мақсаты Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың болашақты болжай білетін көреген саясаткерлігі мен биік мақсаттарға қол жеткізу жолындағы жетістіктері туралы ой –пікір алмасу. Жастарға Елбасының  сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу, жастардың  қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру, еліміздің мәдени, рухани, ғылыми дамуының көшбасшылыққа, жаңашылдыққа биімдеу.  Шара барысында педагогика факультетінің деканы Г.А.Ергалиева мен тәрбие бөлімінің жетекшісі Ж.Е.Ешимова студенттерге алғы сөз айтты.  «Менің Қазақстаным»  тақырыбында «ПиМНО-11» тобының студенті Уразбекова Дильназ, «Фкс-11» топ студенті Нұржанов Дәулен, «СПС-11» топ студенті Шандаев Тимурхан өлең оқып, «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында видеоролик көрсетілді. Ғылыми кітапханашы С.С.Нургалиева «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында  библиографиялық шолу жасады, «ҚР тарихы» кафедрасының оқытушы-магистрі А.Б.Гарифуллина  «Елбасы өмірінің жарқын белестері» тақырыбында, «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушы-магистрі  Ж.Ж.Нәбиева «Жастарды қолдау тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі» тақырыбында, «Рухани Жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Т.Т.Шайхиев «ҚР Тұңғыш Президентінің Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ролі» тақырыбында баяндама оқыды. Шара соңын «ПиМНО-22» топ студенті Латышева Анна жалынды сөздерімен, ПиП-21 тобының студенті  Олжағали Арай “Қазақстаным”   әсем әнімен қорытындылады.


Басып шығару