«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
Ағымдағы жылдың 1-қазан күні, «Ұстаздар күні» мерекесіне орай педагогика факультетінің ұйымдастыруымен «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты онлайн мерекелік шара өткізілді. Шара барысында педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гүлжан Алғазықызы ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, баяндама оқыды. Жыл сайын педагогика факультеті жаңашылдығын шәкірт тәрбиелеу ісіне жұмсауды мұрат еткен жас мамандармен толығып отырады. Білікті оқытушылар қатарынан көрініп, білімді жастар тәрбиелеуді басты мақсат еткен жас оқытушы, магистр Наурызбаев Нұрлыбек факультеттің ұстаздар қауымын мерекемен шын жүректен құттықтап, алғысын білдірді. Ұстаздарға Олжағали Арай «Ұстазым» әнін, педагогика факультетінің студенттері көркемсөз және студенттердің әзірлеген онлайн құттықтауын тарту етті.
Ұстаз – ел ертеңі ұрпақ тәрбиесімен қатар, білім нәрімен сусындатып, қоғамшыл тұлға даярлайтын мамандық иесі. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын сеуіп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын, бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға. Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді ыстық ықыласпен атаулы мереке – Ұстаздар күнімен шын жүректен педагогика факультетінің ұжымы құттықтайды!