14 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, педагогика факультетінің 1-курс студенттері арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытындағы ақпараттық – түсіндіру жұмысы онлайн жүргізілді. Кездесу барысында Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың теолог маманы Оразбек Жамбылұлы Амреев жалпы бүгінгі әлемде, қоғамда болып жатқан террорлық әрекеттер мен дінаралық қақтығыстар туралы, сондай-ақ қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану, олардың қоғамға келтірер зияны туралы мәселелерге тоқталып, қоғамда болып жатқан террорлық түрлі оқиғалар туралы жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оларды жаман іс-әрекеттерден сақтануға, азаматтық сана – сезімді қалыптастыруға, рухани құндылықты дәріптеуге шақырды. Кездесу соңы сұрақ-жауаппен алмасып, студенттер өз пікірлерін білдірді.