Орал қаласының көрнекті жерлеріне саяхат
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні педагогика факультетінің 1-курс студенттеріне арналған Орал қаласының көрнекті жерлерін онлайн саяхат ұйымдастырылды. Шара инстаграм әлеуметтік желісі арқылы өткізіліп, тікілей эфирде жарияланды. Онлайн саяхат Жеңіс алаңынан бастау алып, Е.И.Пугачев атындағы мұражайы, М.Өтемісов атындағы БҚУ мұражайы, Ж.Молдағалиев атындағы БҚО әмбебап ғылыми кітапханасы, Х.Бөкеев атындағы қазақ драма театры және БҚО тарихи-өлкетану мұражайымен аяқталды. Н.Назарбаев даңғылында орналасқан өзгеде тарихи ғимараттар туралы ақпарат айтылып, студенттердің назарына ұсынылды.