12 наурыз күні М.Өтемісов БҚУ, педагогика факультеті Амал мерекесіне орай ұйымдастырған шара өтті

2021 жыл 12 наурыз күні М.Өтемісов БҚУ, педагогика факультеті Амал мерекесіне орай ұйымдастырған шара өтті. Мақсаты: Студенттерімізді қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. 14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Шара барысында түрлі дастархандар жайылып қонақтарды ізгі ниетпен қарсы алды. Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.

Серікбаева Гүлсезім
ПиМНО-11