12 сәуір Қазақстан ғылым қызметкерлер күні

12 сәуір Қазақстан ғылым қызметкерлер күніне орай М.Өтемісов атындағы БҚУ,  педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Алғазықызы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтің құрмет грамотасымен мараппатталды. Педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері сізді шын жүректен құттықтай отырып, еңбегіңізге табыс тілейді!

«Ғылыми әлеуетті қалыптастыру ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты шарттарының бірі болып табылады.Мемлекетімізді жаңғырту,экономикалық  тиімділігін арттыру, инновацияларды енгізу   ғалымдардың, зерттеушілердің, оқытушылардың, ғылыми қоғамдастық мүшелерінің еңбегінсіз мүмкін емес. Бұл жолда сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз жетістікке жетелейтіні анық. Еліміздің жас буынға үлгі боларлық ғылыми мектептердің сақталып кейінгі буынға жалғасып келуінде  өздеріңіздің өлшеусіз еңбектеріңіз жатыр.

Сізге бақыт, денсаулық, сәттілік,  шығармашылық ойларыңызды іске асыруда табыс тілеймін!»